Жаңалықтар

«Қазақмыс» дуалды білім беруді енгізу тәжірибесімен бөлісті
15.08.2019

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдинг» БАҚ (Бейкоммерциялық акционерлік қоғамы) бірлесіп, педагогикалық қызметкерлердің Республиалық тамыз конференциясы аясында техникалық және кәсіби, орташадан кейінгі білім берудің жыл сайынғы панелдік сессиясын өткізді.

Панелдік сессияның негізгі мақсаты – білім мен бизнес-қоғамдастықтың өзара тиімді ынтымақтастығы мен жұмыс берушілерді кадрлар даярлау процесіне тарту мүмкіндіктерін талқылау.

 

 

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС атынан  сессияға оқыту және дамыту бөлімінің бастығы Тұрғымбай Жүсіпов пен «Қазақмыс» корпорациясы Политехникалық колледжінің директоры  Айгүл Сыздықова қатысты. Корпорация өкілдері 2012 жылдан бастап корпоративтік колледждерде кадрларды даярлаудың дуалдық жүйесін енгізу тәжірибелерімен бөлісті. 

 

 

Сондай-ақ, сессияға қатысушылар аймақтағы  кәсіпорындар мен колледждердің білікті мамандар даярлаудағы ынтымақтастық аспектілерін,  «Жас Маман» жобасын жүзеге асыру, аймақтық және салалық  WorldSkills чемпионаттарын өткізуге  бизнес-қоғамдастық тарапынан  ықпал ету, ұлттық және халықаралық чемпионаттарға қатысу   мүмкіндіктерін қарады.

 

 

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің мәртебесін арттыруға және дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды. Білім беру мен тәрбие процесін ұйымдастыру және жетілдірудегі айтулы жетістігі  үшін «Қазақмыс» Политехникалық колледжінің директоры Айгүл Сыздықоваға «Ыбырай Алтынсарин» құрметті төсбелгісі табыс етілді.