Жаңалықтар

Эко-челлендж жалғасуда
12.08.2019

Балқашта қаланы тазарту бойынша экологиялық акция жалғасуда.

10 тамызда бұл бастамаға «Балқаштүстімет» ӨБ кәсіпорындарының және «Tranco Express» ЖШС 200 ден астам жұмысшысы қосылды. Сенбілікке қатысушылар қалалық Мешіт пен Шығыс өнеркәсіп ауданының (90 квартал) аумағын ретке келтірді.

 

 

Жиналған күл-қоқысты тиеп, тасымалдау үшін «Tranco Express» ЖШС (директоры Бауыржан Есеев) автокөлік кәсіпорны 7 бірлік арнайы техника: 5 КамАЗ және  2 тиеуші көлік бөлді. 90 квартал аумағында эко-челлендж қатысушыларының күшімен 220 текше қоқыс шығарылып,  5 га жер тазартылды.

 

 

Осы акция арқылы жергілікті билік пен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Балқаш өндірістік алаңының қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын тазалыққа, тәртіпке шақырады.  

 

 

Ләззат Смағұлова