Жаңалықтар

Достық байланысты нығайту
12.08.2019

Спорт күні қарсаңында Балқашта «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС және қала әкімі аппаратының құрама командалары арасында футболдан жолдастық кездесу өтті.

«Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС командасын компанияның бас директоры Әділет Барменқұлов басқарды. Ал, қарсылас командаға қала әкімі Ораз Таурбеков жетекшілік етті. Ойын басталмас бұрын Балқаш қаласының басшысы металлургтер командасына достық Кубогын табыс етті.

 

 

Командалар алаңға көтеріңкі көңілмен шықты. Сондықтан да болар, матч тартысты өтті. Қарқынды ойын жиырма минуттық екі тайм бойына жалғасты. Екі команданың да мүшелері керемет ойын үлгісін көрсетті. 

Нәтижесінде ойын 7:4 есебімен,  «Қазақмыс Смэлтинг» командасының пайдасына шешілді.  

 

 

Спорттық сайыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рухты қалыптастыру, қаладағы ірі кәсіпорын саналатын  «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС мен Балқаш қаласы әкімі аппаратының ұжымдары  арасындағы достық байланыстарды нығайту. Қатысушылардың есебінше, командалар бұл мақсатқа қол жеткізді. 

Қайсар Әжібаев