Жаңалықтар

«ҚАЗАҚМЫС»-тан DIGITAL-ШЕШІМ
07.08.2019

Қазақстан астанасында «Astana Mining & Metallurgy» атты 10-шы Мерейтойлық Конгресс өтті. 60-тан астам әлемдік сарапшылар, оның ішінде мемлекет және қоғам қайраткерлері, әлемге әйгілі ғалымдар, ең ірі компаниялардың бас атқарушы директорлары кен-металлургия саласының негізгі мәселелері мен оның даму келешегін талқылады.

Конгреске белсене қатысқаны және қолдау көрсеткені үшін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС атап өтілді. Аталмыш іс-шарада корпорацияның Басқарушы кеңесінің бас директоры Бақтияр Қырықпышев «Индустрия 4.0 бағдарламасын жүзеге асыру аясында Холдинг құрылымының АТ өзгеруі» баяндамасымен сөз сөйледі.

Сонымен қатар, «Салааралық келешекте кәсіпорындардың сандық өзгеруіне біртұтас көзқарас» тақырыбындағы дөңгелек үстелге IT жөніндегі директор Александр Гревцев қатысты. Ол «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарында «Индустрия 4.0» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша алдағы жоспарлары айтылған «Сандық өзгеру» баяндамасымен сөз сөйледі.

АММ-2019 көрмесінің аясында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС серіктестерімен және өнім берушілерімен кездесулер мен келіссөздер жүргізілді.

 

 

«Astana Mining & Metallurgy» конгресінің басты оқиғасы «Алтын Гефест» жыл сайынғы байқауын өткізу болды. 2019 жылы сыйлыққа ие болу құқығына геология, кен ісі және металлургия саласынан 184 маман, жобалық, ғылыми, оқу орындары мен кәсіпорындардың жұмыскерлері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы кен-металлургия саласы туралы жазатын журналистер бақ сынады.  

«Kazakhmys Smelting» компаниясы Балқаш мыс қорыту зауытының бас инженері Бексұлтан Қасымбеков «Жыл металлургі» атағымен наградталды. Бұл құрметті атақты ол компанияның мыс қорыту өндірісіндегі агрегаттар мен технологияны қайта жаңарту мен жетілдіру бойынша жұмыстарға белсене қатысқаны үшін алды. Қазіргі уақытта балқытудың осы технологиясы Жезқазған шикізатын толық қайта өңдеуге мүмкіндігі бар жалғыз технология болып табылады.

IT жөніндегі директор қызметі «КМК-дегі үздік digital-шешім» номинациясына қатысып, келесі жобалар бойынша қатысқаны үшін алғыс сертификатына ие болды:

- Холдингті басқарудың бірыңғай платформасы;

- Өндірістік және бейнеақпаратты диспетчерлік бақылау, қашықтықтан мониторингілеу және көзбен шолу жүйесі.