Жаңалықтар

Гүлдер, жарқын жүздер және салют!
02.07.2019

Өткен демалыс күндері Балқашта байытушыларға құрмет көрсетілді. Байыту фабрикасының ардагерлері мен жұмысшылары зор ілтипат пен қошаметке бөленді.

Озат жұмысшыларды марапаттау рәсімі кәсіпорынның мәжіліс  залында өтті. 

Залға жиналғандарды бас инженер Руслан Абдуллин және «Балқаштүстімет» ӨБ жөндеу-механикалық зауытының директоры Александр Зыбалов құттықтап, бас технолог-байытушы  Хатима Мусиноваға, бас корпустың кран машинисі Райса Олейникке, электрдәнекерлеуші Сергей Марковқа, бас корпустың ауысым шебері  Шалқар Шабленовке, шлактарды қайта өңдеу, қойылту және сүзгілеу цехының сүзгілеушісі  Алмас Зейненовке,  жөндеу-механикалық зауыты материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің (ОМТС РМЗ) бастығы  Иван Бабичке Құрмет грамоталарын табыс етті.

 

 

 

Сонымен бірге, ББФ өндірістік бөлімінің бастығы Аманжол Ахметжанов, ұсақтау цехының бастығы Талғат Тәукеханов, бас корпус бастығының міндетін атқарушы Елдос Тоқтасынов, шлактарды қайта өңдеу, қойылту және сүзгілеу цехының бастығы Ерғали Елемесов, қалдықтарды сақтау цехының бастығы Серік Бүркітбаев әріптестеріне жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ, «Кәсіп Қорған» ҚБ және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС  Жастар одағының өкілдері байытушыларды құттықтап, алғыс хаттар табыстады.

 

 

 

 

Мереке иелері алдында  «Алтынай» би тобы мен әнші Шалқар Ахметов өнерлерін паш етті.

Мереке келесі күні Оқушылар сарайында  жалғасты.

Байытушыларды Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Саягүл Жақсылықова құттықтап, шлактарды қайта өңдеу, қойылту және сүзгілеу цехының слесарь-жөндеушісі Қанат Сейдіғалиевке, ұсақтаушы Фархат Ермековке, қалдықтарды сақтау цехының монтаждаушысы Ерлан Нұрғалиевке, технологиялық зерттеулер зертханасының аппаратшысы Гүлнар Супияноваға, жүк көтеру машиналары және механизмдер  учаскесінің электрмонтері Сарбай Түлбаевқа облыс және қала әкімінің Құрмет грамоталарын табыс етті.

 

 

 

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарушы Кеңесінің Бас директоры Бақтияр Қырықпышев салтанатты жиында байытушыларға  ерен еңбектері үшін зор алғысын білдірді. Қайта өңдеудің көлемі емес, алынған металдың маңыздылығын еске салды. Өндірістік көрсеткіштерге тоқталып, байыту-өндірістік кешенін  дамыту жоспарлары туралы айтып берді. 

 

 

Байытушылар күніне орай, жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізгені және адал еңбектері үшін «Қазақмыс Холдинг» ЖШС Директорлар кеңесі Төрағасының атынан алғыс хаттармен және ақшалай сыйақылармен: ББФ бас инженері Руслан Абдуллин, құрал-жабдықтарды қолдану бөлімінің жетекші инженері   Мерей Қажықарымов, ұсақтау цехының ұсақтаушысы  Амантай Оспанов, бас корпустың флотаторы Рада Шагирова, бас корпустың механигі  Ербол Бөлебаев және химиялық зертхана лаборанты Айман Құсайынова марапатталды.

Сонымен бірге, «Қазақмыс Холдинг» ЖШС Бас операциялық директоры Бақтияр Қырықпышевтың қолынан қалдықтарды сақтау цехының газ кесушісі  Николай Лебедев, ұсақтау цехының ауысым шебері Марат Қарабеков, өндірістік және қызметтік ғимараттардың тазалаушысы Күлсін Қалиленова Құрмет грамоталарын алды.

 

 

 

Балқаш байыту фабрикасының бір топ жұмысшысын «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жанындағы «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және «Кәсіп Қорған» ҚБ кәсіподақ комитетінің төрағасы  Құрмет грамоталарымен марапаттады.  Ал, кешкісін жағалауда байытушылар мен балқаштықтардың құрметіне Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылып, кәсіби мереке түрлі-түсті отшашумен аяқталды. 

Ләззат Смағұлова