Жаңалықтар

ҚАЗАҚМЫС «NUR OTAN» ШЕШІМІН ҚОЛДАЙДЫ
25.04.2019

Бүгін «Мейкер» ЖШС Қарағанды құю-машина жасау зауытында еңбек ұжымының жиыны өтті.

 

Қатысушылар ҚҚМЗ жұмысшылары атынан,  «Nur Otan»  партиясының он тоғызыншы съезінде  қабылданған Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер ретінде   Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсыну туралы шешіміне  қолдау білдірді.

 

 

Сөз сөйлеушілер кәсіпорындарда уақытылы  енгізіліп жатқан жаңашылдықтар мен өндірісте инновациялық технологияларды қолданудың перспективалары  жөнінде айтты. Сонымен бірге жиынға қатысушылар, жаңадан сайланатын президент өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатты толыққанды жүргізіп, технологиялық саланы дамытуға бағытталған бағдарламалардың  орындалуын  бақылауда ұстайды деген сенімде. Олар әріптестерін алдағы сайлау науқанына үлкен жауапкершілікпен атсалысып, дауыс беруге қатысуға шақырды.

 

 

Жиын соңында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС  ұжымының  «Nur Otan» партиясының саяси шешіміне қолдау білдірген Үндеуі оқылды.