Жаңалықтар

Тоғызқұмалақ жарысы туралы
12.04.2019

Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай оқушылар арасындағы І аймақтық «Тоғыз құмалақ» ойынын «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Қ. И. Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік мұражайында  ұйымдастырылып, өткізілді.

«Тоғыз құмалақ» ойыны бастамас бұрын Ардагерлер кеңесінің төрағасы  Бүкіров Төлеген Нұрмағанбетұлы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бас директордың ісін басқарушы Ранов Дархан Набиұлы, Қ.И.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік мұражай директоры, өлкетанушы Балкенов Кенжал Балкенұлы  сөз алып, ал техника ғылымдарының кандидаты, профессор Тоқтамысов Мүсілім Тоқтамысұлы  батасын берді.

 

 

«Тоғызқұмалақ» ойынына жалпы 30 бала қатынасты. Ойын 6 турдан тұрды.

Қыздар арасында жеңімпаздар:

І орын Фазыл Мөлдір, Жезқазған қаласы

ІІ орын Марлыбекова Мәдина, Жезқазған қаласы  

ІІІ орын Ергазина Ақниет, Пионер ауылы  

«Үздік ойыншы» номинация иегері - Қонысбаева Қымбат, Борсеңгір ауылы танылды.   

 

Ұлдар арасында жеңімпаздар:

І орын Сейтказина Нұрлан,  Сарысу ауылы  

ІІ орын Олжабай Мәди, Пионер ауылы

ІІІ орын Қаржаубай Жалғас, Сәтбаев қаласы

«Үздік ойыншы» номинация иегері Тлеубаев Сағындық танылды.

 

 

 Әрқайсына диплом, сертификат, медаль берілді. Бұл  «Тоғыз құмалақ» жарысын «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС демеушілік жасады.