Жаңалықтар

Соғыс  отының жарқылы
12.02.2019

Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толған айтулы дата  қарсаңында  балқаштық Жәпеновтер отбасы меймандарды қабылдады. Отағасы Иісбек Серікбайұлы Ауғанстан аумағындағы қарулы қақтығыстарға қатысып, интернационалдық борышын өтеген.

Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толған айтулы дата  қарсаңында  балқаштық Жәпеновтер отбасы меймандарды қабылдады. Отағасы Иісбек Серікбайұлы Ауғанстан аумағындағы қарулы қақтығыстарға қатысып, интернационалдық борышын өтеген. Соғыстан мүгедек болып оралды. Батыл жауынгер көрсеткен ерлігі үшін  Қызыл Жұлдыз орденімен     марапатталған.

  «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен Ауғанстан ардагерлері Кеңесі басшыларының  бірлескен қайырымдылық акциясы аясында Иісбек Жәпеновке ақшалай сыйақы берілді. Алғыс хат пен сыйлықты «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарушы Кеңесінің Бас директоры Бақтияр Қырықпышевтың атынан «Кәсіп Қорған» кәсіподақ ұйымы Балқаш кеңесінің және   «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің жауынгерлік бауырластығы» ҚБ өкілдері табыстады. Аталған ұйымдардың төрағалары  Григорий Ахрименя және Бауыржан Мұхамедиев интернационалист-жауынгерлерді құттықтап, өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру ісіне  қосқан зор үлестері үшін  алғысын айтты.

Осындай алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар Қазақмыстың атынан Сәтбаев, Жезқазған және Қарағандыдан әскер қатарына алынып, сұм соғыста қаза тапқан бес жауынгердің отбасына табысталды.

Заңғар Молдахашев