Жемқорлыққа қарсы күрес

Kazakhmys-Kazakh-Poster-kz

«Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС-да  

сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттар мен рәсімдерді енгізу  

нәтижелері туралы 2019 жылғы  

есеп 

05.01.2020ж.             Қарағанды қ. 

 

«Қазақмыс» Тобы компанияларында 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттар мен рәсімдерді іске асыру қамтамасыз етілді. 

Есепті кезең ішінде келесі жұмыс атқарылды.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жергілікті актілерді өзекті ету. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерді орындаудан бас тартатын контрагенттерді келісу регламентіне, Мүдделер қақтығысын басқару регламентіне, Жеке және заңды тұлғалардың Speak Up қызметіне келіп түсетін өтініштерін қарау кезіндегі құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекеттестігі регламентіне, Жеке және заңды тұлғалардың Speak Up қызметіне келіп түсетін өтініштерін қабылдау, тіркеу және қарау тәртібі туралы нұсқаулыққа 2018 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар есепке алына отырып, «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС 2019 жылғы 10 сәуірдегі № Х/70-пр бұйрығымен «Қазақмыс» Тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы кодексінің жаңа редакциясы бекітілді. 

 

Парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы іс-қызметтің негізгі бағыттары: 

1. «Қазақмыс» Тобының заңды тұлғаларында мониторинг жүргізу, көшпелі тренингтер өткізу, жергілікті актілерді енгізу. 

2019 жылға бекітілген жұмыстар жоспарына сәйкес «Қазақмыс» Тобының келесі компанияларында енгізу бойынша іс-тәжірибелік көмек көрсетумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС жергілікті актілерін енгізу тиімділігіне мониторинг жүргізілді: 

  1. Отын-энергетикалық кешенінің «Топар бас энергия тарату станциясы» ЖШС; 

  1. Байыту-өндірістік кешенінің Қарағайлы байыту фабрикасы; 

  1. Байыту-өндірістік кешенінің № 1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикалары; 

  1. Байыту-өндірістік кешенінің Балқаш байыту фабрикасы; 

  1. Байыту-өндірістік кешенінің Нұрқазған байыту фабрикасы. 

 

Көрсетілген кәсіпорындардың жұмыскерлері үшін парақорлыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы хабардарлығын арттыруға бағытталған тренингтер өткізілді, «Қазақмыс» компаниялар Тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі саясаттар мен рәсімдердің талаптары түсіндірілді. Тренингтермен 28 адам қамтылған.  

    

2. Заңнама бұзушылықтарын хабарлау жөніндегі «Speak Up» қызметінің іс-қызметі. 

 

Заңнама бұзушылықтарын хабарлау жөніндегі «Speak Up» қызметінің іс-қызметі «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Директорлар кеңесі төрағасының «Жеке және заңды тұлғалардың Speak Up қызметіне келіп түсетін өтініштерін қарау кезіндегі құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекеттестігі регламентін және Жеке және заңды тұлғалардың Speak Up қызметіне келіп түсетін өтініштерін қабылдау, тіркеу және қарау тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2018 жылғы 20 қарашадағы № Х/249-ПР бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. 

Жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау тегін «жедел желіге» үш тәсілмен: 8-800-080-8089 телефоны бойынша, speakup@kazakhmys.kz электронды мекенжайына, компанияның заңды мекенжайына (100012, Қарағанды қ., Ленин к-сі, 12) поштамен жүргізіледі. 

Есепті кезең ішінде «Speak Up» қызметіне 58 өтініш келіп түсті (2018 жылғы 35 өтінішпен салыстырғанда). Олардың ішінде 55 (32) өтініш қаралды, 2 (2) өтініш қарауда, 1 (0) өтініш аумағы бойынша жолданды.  

 

Диаграмма № 2 : Обращения, поступившие на uорячую линию   "Speak Up"

 

 

55 (32) қаралған өтініштен 20 (10) өтініш қанағаттандырылды, оның ішінде 3 (1) өтініш қайталанды, 28 (13) өтініш қабылданбады, оның ішінде 2 (1) өтініш қайталанды, 6 (5) өтініш бойынша түсінік берілді, 1 (4) өтініш бойынша анықтамалар жасалды.  

 

 

58 өтініштен 41 (71%) өтініш еңбек құқықтық қатынастары саласындағы мәселелер бойынша, 9 (16%) өтініш құрылымдық бөлімшелер басшыларының әрекеттеріне, тауарлық-материалдық құндылықтардың ұрлануына, қаржылық бұзушылықтарға қатысты, 3 (5%) өтініш тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру саласына, 5 (8%) өтініш мүдделер қақтығысы туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат талаптарының сақталуына қатысты келіп түсті, олардың ішінде 2 өтініш бойынша өтініш иелері «Speak Up» жедел желісінің жұмысы туралы оң пікір жолдады.    

 

 

«Speak Up» қызметінің жұмысы туралы компания жұмыскерлері мен үшінші тұлғаларды ақпараттандыру компаниялардың өндірістік бөлімшелерінің аумағында ақпараттық постерлерді, сонымен қатар www.mykazakhmys.kz электрондық ресурсында байланыс ақпаратын, «ҚазақМыс» корпоративтік газетінде мәліметтер жариялау, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы білім базасы» бағдарламалық жасақтаманы корпоративтік интранетте орналастыру арқылы жүргізіледі.  

 

3. Контрагенттермен өзара әрекеттесу және контрагенттердің «Қазақмыс» Тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерін қабылдауы. 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында контрагенттермен өзара әрекеттесу «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Директорлар кеңесі төрағасының 15.05.2018 ж. № Х/2P шешімімен бекітілген Парақорлықпен және сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы заңнаманың сақталуына контрагенттерді алдын ала тексеру бағдарламасының, «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Директорлар кеңесі төрағасының 2016 жылғы 08 шілдедегі № 01-КН/95-ПР бұйрығымен бекітілген «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС контрагенттерді, шарт жобаларын, анықталған қауіп-қатер мен оның рұқсат етілген деңгейін бекіту тәртібін тексеру регламентінің («Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС 2018 жылғы 20 шілдедегі № Х/148-ПР бұйрығымен енгізілген өзгерістермен), сонымен қатар «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № Х/260-ПР бұйрығымен бекітілген «Қазақмыс» компаниялар Тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерін сақтаудан бас тартатын контрагенттерді келісу регламентінің (бұрын әрекет еткен 29.01.2016 жылғы №01-КН/4 шешім күшін жойған деп танылды) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

Есептік кезеңде компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттарын орындаудан контрагенттердің бас тартуы туралы 47 (47) өтініші қарауға келіп түсті. Мұның өзінде, Сауалнаманы толтырудан 28 (15) контрагент, шарт мәтініне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпені қосудан 8 (11) контрагент, Сауалнаманы толтырудан және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпені қосудан 11 (21) контрагент бас тартты. 

 

№ 5 диаграмма: «Қазақмыс» Тобының  

сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттарын орындаудан бас тартатын контрагенттерді келісу  

 

                       контрагенттер         «Контрагент сауалнамасы»   «Сыбайлас жемқорлыққа   екі өлшемшарт  

                                  келісілді                 өлшемшарты бойынша               қарсы ескертпе»                   бойынша 

                                                                                                                     өлшемшарты бойынша 

 

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 22 контрагент сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелер болмағанда, шарттарды жасауға және одан әрі орындауға рұқсат етілген контрагенттер тіркеліміне қосылған. Санаттар бойынша осы контрагенттер келесі жолмен көрсетілген:  

- мемлекеттік ұйымдар және мемлекеттің қатысуымен ұйымдар - 10 контрагент; 

- табиғи мониполиялар субъектілері – 3 контрагент; 

- компанияның жергілікті актілерімен жол берілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпе мәтінінің шамалы өзгеруінен – 1 контрагент;  

- Сауалнаманың 9-т. толтырудан бас тарту – 8 контрагент. 

«Қазақмыс» компаниялар Тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерін орындаудан бас тартатын контрагенттерге қатысты қалған                     25 өтініш бойынша өндірістік қажеттілікке байланысты шарттарды біржолғы тәртіпте жасауға келісім берілген. 

Келісу өлшемшарттары бойынша бөлумен келісілген контрагенттер тізбелері электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы тарату жолымен құрылымдық бөлімшелердің назарына жеткізіледі. 

 

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында Қазақмыс Тобы жұмыскерлерінің хабардарлығын арттыру. 

 

Қазақмыс Тобы жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қарсы іс-қимыл саласында енгізіліп жатқан саясаттар мен рәсімдер туралы хабардарлығын арттыру бойынша жұмыс жалғасуда. Жаңадан қабылданған жұмыскерлерге ерекше назар аударылады. 

Есептік кезеңде жаңадан қабылданған жұмыскерлерді қоса алғанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы кодекспен танысқан жұмыскерлердің жалпы саны 2812 адамды құрады.  

Еңбек шарттарына, оның ішінде осындай келісімдерді жасау атқаратын лауазымына сәйкес міндетті сипатқа ие болатын жаңадан қабылданған жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттарына 673 қосымша келісім жасалды.  

 

 

 

5.Мүдделер қақтығыстарын басқару. 

 

«Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС 2018 жылғы 9 қарашадағы № Х/240-ПР бұйрығымен бекітілген Мүдделер қақтығыстарын басқару регламентін (бұрын әрекет еткен 04.05.2016 ж. № 01-КН/6 шешімнің күші жойылды деп танылды) іске асыру аясында мүдделер қақтығыстарын ашу дұрыстығы мен толықтығына және оларды активтері «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС басқаруындағы заңды тұлғалардың бірінші басшыларының реттеу сапасына талдау жүргізілді.   

Осы Регламенттің талаптарына сәйкес «Қазақмыс» Тобы компанияларының 981, оның ішінде жаңадан қабылданған жұмыскері  «Әлеуетті ықтимал, туындаған мүдделер қақтығыстары туралы ақпаратты ашу» А және Б нысанындағы Сауалнамаларды ұсынды. Сауалнамаларды толтыру кезінде 28 мүдделер қақтығысы ашылып, реттелді. 

 

 

Мүдделер қақтығысын қабылдау туралы шешімді құқықтық бағалауға және оны одан әрі өз бетімен реттеу мүмкіндігіне қатысты персонал қызметтерінің жұмыскерлері үшін түсіндіру жұмысы жүргізілуде.    

 

6. Персоналды оқыту. 

 

«Қазақмыс» Тобының жұмыскерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жергілікті актілердің негізгі талаптарына оқыту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 

23.12.2016 ж. № 351 бұйрыққа сәйкес «Қазақмыс» Тобының жұмыскерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ақпараттың негізгі дереккөзі болып табылатын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы білім базасы» бағдарламалық жасақтама әрекет етеді.  

Бағдарламалық өнім «Қазақмыс» Тобы жұмыскерлерінің дербес компьютерлерінің жұмыс үстелдерінде орналасқан, бұл дербес компьютері және тұрақты негізде корпоративтік желіні пайдаланушының есептік жазбасы бар жұмыскерлердің барлығының оған қол жеткізуіне мүмкіндік береді.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттар мен рәсімдерді білуге жұмыскерлерге жалпыға міндетті тестілеуді жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалған. 2016 жылғы 31 шілдедегі № 01-КН/99-ПР бұйрықпен бекітілген, «Қазақмыс» компаниялар Тобының құрылымдық бөлімшелеріне жұмысқа қабылдау кезінде сынақ мерзімінен өту тәртібі туралы ережені бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 23.01.2017 ж. № 01-КН/16-ПР бұйрықтың талаптарын орындау үшін активтері «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС басқаруындағы заңды тұлғалардың бірінші басшылары, директорлары мен персонал жөніндегі менеджерлері жаңадан қабылданған жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттар мен рәсімдер біліміне электрондық тестілеуден өтуін қамтамасыз етеді.  

Есептік кезеңде электрондық тестілеуден 370 жұмыскер (жаңадан қабылданған жұмыскерлерді қоса алғанда) өтті.  

«Қазақмыс» Тобы компаниялары жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы хабардарлығын арттыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттар мен рәсімдерге оқыту бойынша тренингтерді өткізу тәжірибесі жалғастырылған. Оқумен 398 адам, соның ішінде көшпелі семинарлармен 28 адам және электрондық оқумен 370 адам қамтылған.  

 

 

Жергілікті актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын жүргізу. 

Директорлар кеңесі төрағасының 10.04.2015 ж. №133 бұйрығының талаптарына сәйкес жобалардың, шарттардың (келісімдердің) және жергілікті актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы тұрақты негізде жүргізілуде. Есептік кезең ішінде 47 (47) шартқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпенің болуына қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізілді.   

Осы есеп парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы саясаттар мен рәсімдерді құқықтық сүйемелдеу бойынша жүргізілетін жұмыс туралы «Қазақмыс» Тобының қызметін қысқаша жалпылау болып табылады.  

 

 

 

«Kazakhmys Holding  

(Қазақмыс Холдинг)» ЖШС  

құқықтық мәселелер  

жөніндегі директоры           Р.М. Кабиева