Электр энергиясы

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-на қарасты энергетикалық тобының өндірістік мақсатын дамыту аясында 2012 жылдың 8-ші қарашасында үш кәсіпорын Қарағанды БЭТС, Жезқазған ЖЭО, және Балқаш ЖЭО «Kazakhmys Energy» ЖШС (Қазақмыс Энерджи) құрылымына енді. Өндірістің негізгі атқаратын қызметтеріне электр энергиясы мен жылуды өндіру жатады.

Яғни «Қазақмыс корпорациясына» қатысты өндіріс нысандарын, сонымен қатар Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалалары мен Абай, Топар аудандарын электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ету міндеттелген.

«Kazakhmys Energy» ЖШС (Қазақмыс Энерджи) 01.01.2016 жылғы нақты бекітілген электр қуат күші 930МВт құрайды. 2015 жылы электр бекетімен 6,843 ГВтч электроэнергия өндірілген, оның 48% топтың ішкі айналымына пайдаланылған. Қалған электроэнергия жан-жақты пайдаланушыларға берілген.

«Kazakhmys Energy» ЖШС (Қазақмыс Энерджи) энергетикалық активтері ұзақ уақыттан бері іске қосылған. Балқаш ЖЭО 1937 жылы, Жезқазған ЖЭО 1959 жылы, ал Қарағанды БЭТС 1962 пайдаланылуға енгізілген. Қазіргі таңда өндірістегі тиімділікті арттыру үшін пайдалану шарттары барлық талаптарға сай.