Жобалар

АҚТОҒАЙ МЕН БОЗШАКӨЛ. ДАМУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЕҢБЕК ПЕРСОНАЛЫН ІРІКТЕУ


2013 жылдың сәуірінде Жезқазған өңірінде Қазақмыс тобында жұмыс істейтін қызметкерлер арасынан Ақтоғай және Бозшакөл ашық рудниктеріне еңбек персоналын іріктеу офистері ашылды. Ақтоғай мен Бозшакөл – заманауи қондырғылармен жұмыс істейтін ұзақ мерзімдік жобалар.

Бос орындар үшін конкурсқа қатысып, арнайы тестілеуден өткісі келетін азаматтардың өтінішін қабылдайтын алғашқы кеңсе Сәтпаевта ашылған болатын. Кейінірек мұндай офистер Теміртау, Балқаш, Қарағанды қалалары мен ШҚО-ның Усть-Таловка ауылында да ашылды.

Жоба шеңберінде Қазақмыста жұмыс істейтін қызметкерлер арасынан 3 мыңға жуық адам іріктеп алынады. Олар осы ірі әрі шығыны төмен кеніштерде жұмыс істеп, компанияның алдағы жарты ғасырдағы негізгі ресурстық базасын қалыптастырмақ.

Алдағы уақытта шетелдік мамандар жобадан біртіндеп шыға бастайды. Соған қарай қызметкерлердің белгілі бір бөлігіне карьера жасауға мүмкіндік беріледі.

Іріктеуге Қазақмыс тобында жұмыс істеп жатқан қызметкерлер ғана қатыса алады. Жаңа кеніштер командасын корпорацияның өз қызметкерлерінен жасақтау туралы шешім – Топ басшыларының түпкілікті шешімі. Өйткені, Қазақмыс өз адамдары мен олардың мүмкіндіктерін жақсы біледі, ал олар компания мен оның ұстанымдарымен жіті таныс.



Артқа қайту